Новости Казахстана13 февраля 2023, 22:46

Ертісбаев Еділовті сотқа беріп, көше "сыпыртуға" бел буып отыр

Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарып, кейіннен Президент кеңесшісі, Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып зейнетке шыққан Ермұхамед Ертісбаев бірер жыл бұрын Қазақстан Халық Партиясының төрағасы атанған еді. Таяуда сұхбат берген Ертісбаев партияға қатысты "оғаш пікір" айтқан блогер Еділовты сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Ермұхамед Ертісбаевтың мұндай қадамға баруына Ербол Еділовтің "жағымсыз" пікірі себеп болған. Бұл туралы блогер өзінің телеграмдағы арнасында жазды.

ҚХП қатарынан көп адам шығып жатыр. Тіпті, Жамбыл Ахметбеков сияқты маңызды фигуралар да партиядан шыққанын мәлімдеді. Халық партиясының коммунистік өткен шағын айтпағанда, бұл партияға ешкім бәс тікпейді» - деп жазған болатын Еділов. 

Алайда бұрын талай қызметтің дәмін көріп, саяси додаларда ысылған Ертісбаев бұл ақпаратпен келіспей отыр. Өзі төрағалық етеін партияға кір келтіріп, имиджін "құлатқан" Еділовті сотқа сүйреп, жалған ақпараты үшін 10 миллион теңге өндіріп алатынын айтып отыр. 

Бұның барлығы – өтірік, жалған айып қана! Ол біздің партиядан қанша адам мүшеліктен шығып жатқанын қайдан біледі? Еділовте менің телефон нөмірім бар. Қызықтырса, кеңсемізге \келіп, анық-қанығын білсін. Көптеген блогер ақшаға пост жазатынын білемін. Жалған ақпарат таратқаны үшін қанша айыппұл салатынын естеріңізге сала кеткім келеді.  3000 АЕК немесе 800 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі. Алда көктем келе жатыр, бір ай қар тазалап, дала сыпырғысы келмесе, жазған сөзі үшін кешірім сұрауы тиіс.  Мен қалжыңдап тұрған жоқпын. Егер кімде-кім біздің партияны қаралайтын болса, біз заң жүзінде әрекет етеміз, – деді Ермұхамед Ертісбаев. 

19 наурызда еліміз бойынша кезектен тыс парламент сайлауы өтеді. Мәжіліс сайлауына әзірге 5 партияның тіркелгені белгілі болды. Олардың қатарында "AMANAT", "Ақ жол", "Pespublica", "Ауыл" және ҚХП бар. Саяси болжам айтушылар алда Мәжілістің жаңа шақырылымында партиялар қатары бұрынғыдан көп болатынын айтып отыр. Бұл додада Мәжіліке кемінде төрт партия өтуі мүмкін.

Ермұхамед Ертісбаев Ербол Еділов партия Сын

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!