Новости Казахстана16 сентября 2023, 22:49

Ертең Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда 17 қыркүйек күні таңертең қалалық велошеруге байланысты әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

17 қыркүйек таңғы сағат 07:00-ден 9:00-ге дейін қалалық веложарысты өткізуге байланысты әл-Фараби даңғылы бойынша қозғалыс батыс бағытта «Нұрлы тау» көпфункционалды орталығынан Мұстафин көшесі бойындағы айналымға дейін, одан әрі Мұстафин көшесінен Дулати даңғылына дейін жабылады, – деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Ертең алматылықтар қала күнін тойлайды. Мереке Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда салтанатты түрде басталады.

Сағат 12:00 - 20:00 аралығында қаланың 8 ауданында және Панфилов пен Жібек Жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде «Туған күніңмен, Алматым!» фестивалі өтеді.

Алматы Қала күні шектеу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!