Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев: Екібастұз ЖЭО-ның бір бөлігі Клебановтың меншігінде қалады
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Александр Клебанов иелік етіп отырған Екібастұз ЖЭО бір бөлігі соның меншігінде қалатынын айтты, деп хабарлайды Arbat.media.
Министр ЖЭО мемлекетке қайтару ісі қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді.
Жылу қазандықтары, яғни қаланы жылумен жабдықтауға қатысатын негізгі қондырғылар қазірдің өзінде әкімдік балансына берілген. Бұл нысанның қысқа дайындығын қамтамасыз ету үшін жасалды. Жылу стасасының иесіне қатысты, стансаны қолдануға қатысты маңызды мәселе бар. Бақылау болу үшін жергілікті әкімдік жауапкершілікті өзіне алып отыр, - деді министр.
Оның айтуынша, мемлекет жылу нысанының акционер меншігінде қалған бөлігіне қаржы салуын қатаң қадағалайды.
Стансаның қалған бөлігі акционердің қолында қалады. Бұған дейін де айтқанымдай, меншік иелері энергетикалық нысанды жаңғыртып, жөндеу жұмыстарына өз қалтасынан ақша салып, қамтамасыз етуге көмектеседі, - деді Энергетика министрі