Енді жұмыс беруші үміткердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар-жоғын білетін болады
1 наурыздан бастап Қазақстанда жұмысқа жалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді жұмыс беруші сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар-жоғын растайтын құжатты сұрайды, деп хабарлайды Arbat.media.
Ол ақпаратты алу үшін компаниялар Мемлекеттік құқықтық статистиканың құзыретті органына жүгіне алады. Сонымен қатар, "Электрондық үкімет" порталын немесе HR digital сервисін пайдалана алады.
Айта кетейік, жұмыс беруші сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы деректерді және жалпы басқа да ақпаратты жұмыс ізденушінің жазбаша келісімі болған жағдайда ғана ала алады.
Еске сала кетейік, жұмысқа тұрып, еңбек шартын жасауға келесі құжаттар қажет:
- жеке куәлік немесе паспорт (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік);
- азаматтығы жоқ тұлғалар үшін тұруға ықтиярхат немесе куәлігі (Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
- тиісті білімді, білігі және дағдыны талап ететін жұмысқа орналасуда еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіпті;
- даярлығының болуы туралы құжат;
еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
- алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (мед.анықтама 086-У);
- Кейбір жағдайда сотталмағандығы туралы анықтама талап етілуі мүмкін (оны онлайн алуға болады).