Новости Казахстана29 августа 2023, 16:12

Елімізге рулі оң жақтағы көлік әкелуге тыйым салынады

Қазақстан Республикасының аумағына рулі оң жақта орналасқан жеңіл көлік әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рулі басқарылатын жеңіл автомобиль әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында.

Аталмыш бұйрық-жобаның, яғни шектеудің орындалуын бақылау қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жүктеледі.

Бұл құжат 13 қыркүйекке дейін талқыланады.

 

Қазақстан оң руль Көлік тыйым салу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!