Еліміздің оңтүстік аймағында жер сілкінісінің дүмпуі сезілді
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-ның сейсмостанциялары таңғы сағат 07.53-те жер сілкінісі болғанын тіркеуге алды, деп хабарлайды Arbat.media.
Жерасты дүмпуінің нүктесі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 710 шақырым жердегі Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында болғаны анықталды.
Дүмпудің энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 5 шақырымды құрады. МSК-64 бағаны бойынша адамдардың жер сілкінісін сезілуі байқалмаған.
Сонымен бірге, сағат 02.07 шамасында Алматыдан 740 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында да жер сілкінген. Дүмпудің 2-3 балл қуаты Тараз, Шымкент және Түркістанда облысты аумағында сезілген.
Поделиться
Читать Arbat media в