Елімізде сот алқасын тексерудің жаңа механизмі жасалды
Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова елімізде сот алқасын тексерудің жаңа тетігі әзірленгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова:
Соңғы төрт жылда заңның өрескел бұзылуын көрсете отырып, аппеляция мен кассацияға 1 461 қаулы шығарылды. Жылына орта есеппен 365 қаулыдан келеді. Бірақ, материалды сот алқасына беру-бермеуді облыстық соттың жалпы отырысы шешеді. Нәтижесінде сот алқасына материалдардың 20-25 пайызы ғана жетеді. Осыған байланысты сот алқасын тексерудің жаңа тетігі әзірленген.
Сот алқасының материалдары егер апелляция немесе кассация өз қаулысында өрескел заң бұзушылықтар туарлы көрсетсе бірден жіберіледі. Облыстық соттардың және Жоғарғы соттың жалпы отырыстары ендігі уақытта судтялар қауымдастығына ұсыным түрінде ғана заң бұзушылықтың анықталғаны туралы пікір білдіреді. Бұл судиялар тарапынан заңдылықтың бұзылуына тиімді әрекет етуді арттырады.