Новости Казахстана27 апреля 2023, 14:10

Елімізде электр энергиясы қымбаттайды

Қазақстанда биылғы жазда электр энергиясы қымбаттайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. 

Жазда тарифті 10-30% өсіру күтілуде. Әр өңірде әр түрлі болады. Екібастұзда 108%-ға өседі, біз олай ете алмаймыз. Біз бірнеше есе түсірдік, талқылап жатырмыз, тарифтер халыққа қолайлы болу керек. Бұл ретте біз ресурстарды үнемді пайдалануымыз керек. Белгілі бір пайалану шегі болуы керек, орташа тұтынудан жоғары болған жағдайда басқаша тарификация болады», - деді М.Қуантыров. 


Оның сөзінше, қай өңірде тарифтің қалай өсетіні желілердің тозығына байланысты белгіленбек. 

Тағы бір айта кететіні, неге тарифті биыл көтеру жоспарлануда – себебі ТҮКШ қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі, бұл дегеніңіз жалақысы бірнеше есе төмен бірнеше жүздеген адам. Олар слесарьлар, сантехниктер, олар желілерді сапалы ауыстыру жұмыстарын жүргізулері керек, біз бен сіздің қауіпсіздігіміз соған байланысты», - деп атап өтті министр. 

Электр Баға Қымбатшылық

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!