Новости Казахстана30 мая 2023, 19:13

Елімізде екі өткізу пунктінде есірткі тасымалдағандар қолға түсті

 ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарын ірі көлемде өткізудің екі әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Arbat.media.

Жамбыл облысының "Ауқатты" өткізу пунктінде көлігінің арнайы әзірленген құпия жеріне жасырып 62,2 келі қатты әсер ететін есірткі заттарын (апиын – шамамен 24 кг, гашиш – 38,2 кг) Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған шетел азаматы ұсталған.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының «Қарақоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізу әрекеті кезінде Қазақстан азаматы қолға түсті. 

Есірткі өнімдері эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көліктен табылды. Қазір аталған деректер бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеулерді бастады.

Есірткі шекара Тексеру

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!