Елімізде азық-түлік бағасының қымбаттағаны байқалып отыр
Елімізде өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға, ал жылдық көрсеткіш бойынша 10,6%-ға өсті, деп хабарлайды Arbat.media.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі өнім кіріп отыр. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңартылады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналып отыр.
Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда нысандары, оның ішінде гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар таңдалып алынады.
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы мамыр айында айранның литрі 408 теңге болса, қант бағасы 440 теңгеге шықты. Ал пияздың бағасы 203 теңгені көрсетті.