Новости Казахстана6 января 2023, 22:04

Елімізде 7 мыңға жуық сарбаздың несиесі бары белгілі болды

Қазақстан әскери салада борышын атқарып жүрген 6,9 мың сарбаз банктерден несие алған. Ал олардың арасында екі жарым мыңға жуығы қарызын қайтармаған, деп хабарлайды Arbat.media.

Мәжіліс депутаты Александр Милютин өткен жылдың соңында жастар мәселесін көтеріп, Үкімет басшысына сауал жолдаған болатын. Ол Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар үшін қарыз бен несиені өтеуді кейінге қалдыру керектігін айтқан еді. Оған қатысты Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауап берген. Оның жауабында несие алған азаматтардың 6,9 мыңы бүгінде әскер қатарында жүргені айтылған. 

 Олардың жалпы қарызы — 2,2 милилард теңге болды. Сол 7 мыңға жуық адамның ішінде 2,4 мыңы 872 миллион теңге қарызын төлемеген. Яғни олардың несиені төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен, деді Әлихан Смайылов жауабында.

Оның айтуынша, қазір қарыз сарбаздардың жартысын банктер, жартысын микроқаржы ұйымдары іздеуге алған. 

Осыдан кейін желтоқсан айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қорғаныс министрлігі меморандум жасасты. Екі тарап мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың несиесінің төленбей қалуына жол бермеуді көздейді. 2023 жылдан бастап әскердегі жастарға банк қарызы мен микронесиелер төлемін кейін төлеу мүмкіндігіқарастырылады.

 

Ресми дерек бойынша, елімізде 6,8 миллион қазақстандықтың кредиті бар көрінеді. Олардың 1,5 миллионға жуығы қазіргі таңда несиесін төлеуге мүмкіндігі жоқ. Сонымен бірге, 10 борышкердің төртіншісі онлайн несие беретін микроқаржы ұйымының тұтынушысы болып саналады. 

 

Әскер Сарбаз Несие Әлихан Смайылов

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!