Новости Казахстана17 апреля 2023, 14:29

Еліміз бойынша республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды

Елімізде ауа райының күрт құбылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарға шектеу қойылды, деп хабарлайды Arbat.media

ҚазАвтожол баспасөз қызметі қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жалғасып жатқанын атады. Күн күрт суып кеткен уақыттан бастап жол саласының қызметкерлері жобамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланған. 

Дәл қазіргі сәтте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу қойылды. Республикалық желіде 500 бірлік арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда, деді ҚазАвтожол баспасөз қызметіндегілер.

Кеше ҚазАвтожол мамандары қар құрсауында қалған 65 көлікті қауіпсіз жерге шығарған. 

Жол Қар Ауа райы шектеу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!