Новости Казахстана17 мая 2023, 17:35

Еліміз бойынша автокөліктер саны 5 миллионға жуықтады

Қазақстанда ресми тіркеуден өткен көліктер саны 4 667 989 данаға жетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша биылғы наурыз айында есепке 162,4 мың бірлік автокөлік қойылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе артық болып отыр. Оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар – 2,3 есеге артса, жүк автомобильдері 2,4 есе көбейгені байқалды. 

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 668 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 87,6% – жеңіл автокөліктер болса, 10,3% – жүк көліктері және 2,1% – автобустар.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 82,4% бензинмен жүреді. Аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,6%, дизель отынымен – 7,4%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1642 бірлікке ұлғайды. Көліктің жалпы санында газ баллоны қойылған автомобильдің үлесі 0,2% құрады, тағы 1936 бірлік автомобиль электр қуаты көмегімен жүреді. 

Сондай-ақ, 2023 жылғы наурызда 2 321 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 340 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 10,8%-ға азайған. 

Автокөлік Қазақстан Нарық

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!