Новости Казахстана11 июля 2023, 14:05

Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына жолдама алды

Әлемнің 3-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина брейкпен алға шығып, 3:1 есебі тіркелді. Содан кейін өз геймін алып, нәтиже 4:1 жетті. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер немесе рейтингте 9-сатыдағы чехиялық Петра Квитованың біреуімен таласады.

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!