Елена Рыбакина Штутгарт турниріндегі ойынды жалғастырудан бас тартты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA турнирінің іріктеу кезеңінде Бразилия спортшысына жол берді, деп хабарлайды Arbat.media.
Штутгартта басталған турнирдің 1/8 финалдық кезеңінде отандасымыз бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездескен болатын. Алайда Е.Рыбакина белгісіз себеппен екінші сетте ойыннан бас тарттын
Ойын бір сағаттан астам уақытқа ұласып, бірінші кезең 6:1 есебімен Хаддад Майяның еншісіне бұйырды. Елена бірінші сеттің бірінші берісті ұтқанымен, ұтқанымен қалған алты геймде еш ұпай иелене алмады. Осылайша бірінші кезеңнен сүрінге отандасымыз екінші сетті тегеурінді қарсылық көрсетпеді. Ойын 3:1 есебімен өтіп жатқан сәтте ол жалғастырудан бас тартты. Осылайша, ширек финалған Бразилия спортшысы жолдама алды.