Новости Казахстана22 мая 2023, 13:01

Елена Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілер Роллан Гаррос турниріне қатысады

Әлемнің 4-ші ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанғаннан кейін алда Париждегі үлкен дулыға турниріне қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

WTA рейтингісінде төртінші орынға көтерілетін қазақстандық теннисші Парижде өтетін Ролан Гаррос жарысына қатысуға дайын отырғанын атады. 

Рим мастерс додасының финалында Е.Рыбакина екінші сетте қарсыласы, украиналық Ангелина Калинина жарақатына байланысты бәсекені жалғастырудан бас тартқаннан кейін жеңіске жеткен еді.

Бәріңізге сәлем. Бүгінгі матчты бұлай аяқтағым келмеп еді. Ангелина тезірек сауығып, Франция ашық чемпионатына қатысады деп үміттенемін. Мені қолдағандардың бәріне ризашылығымды білдіремін. Биыл кезекті титулды жеңіп алғаныма бақыттымын. Парижде кездескенше!, - деді Е.Рыбакина.

Францияда жыл сайын мамыр айында өтетін Ролан Гаррос турнирінің биылғы іріктеу кезеңі 22-сі күні басталмақ.

Негізінен бұл сынға Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик бірден жолдама алды. Әлемнің 4-ракеткасы Еленаның рейтингісі жоғары, сондықтан жеребе қолайлы болмақ. Жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов, сондай-ақ Бублик, Путинцева және Рыбакина өнер көрсетуі тиіс. Ал іріктеу кезеңінде Қазақстаннан Тимофей Скатов бақ сынайды.

Елена Рыбакина Теннис спорт

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!