Екібастұздағы апат: ЖЭО басшыларының бірі қайтыс болды
Екібастұзда жылу электр орталығынының учаске басшысы Сергей Видлоганың мәйіті көлігінен табылды, деп хабарлайды arbat.media.
Әзірге белгілі ақпарат бойынша марқұм газдан уланып, қайтыс болған.
"4 желтоқсанда сағат 21:25 шамасында "За рулем" тұрақ қоғамдастығы аумағында "ВАЗ-21099" көлігінің салонынан 1989 жылы 20 тамызда туған Сергей Видлоганың мәйіті табылды. Ол ЖЭО ЖШС учаске басшысы болған", - деп жазылған марқұмның өліміне қатысты тараған ақпаратта.
Мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгісі байқалмаған. Қазір аталған қылмыстық іске қатысты 105 баптың 1 тармағы бойынша іс қозғалып жатқаны хабарланды.
Поделиться
Читать Arbat media в