Новости Казахстана16 февраля 2023, 15:42

Екібастұзда су басқан үйде екі адам қайтыс болды

Екібастұзда су басқан үйден ер және әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.media

Polisia.kz-тің жазуынша, 13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Б.Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Шақыртуды пысықтау барысында жер үйден 1959 жылы туған ер адамның және 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды. Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді»,-делінген хабарламада.

Өткен жылдың соңында Екібастұз қаласын жылу электр станциясы істен шығып, тұрғындар суық үйде тұруға мәжбүр болған еді. Кейін көпқабатты үйлердің бірінен егде тартқан адамның қайтыс болғаны анықталды. Тексеру барысында оның қан қысымынан қайтыс болғаны белгілі болды. 

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!