Екібастұзда құбыр жарылып, көшені ыстық су басты
Екібастұзда жөндеу жүріп жатқан құбырдан ыстық су атқылап, көшені басып қалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Рavlodarnews.kz-тің жазуынша, 18 мамыр күні сағат 6:30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм №2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау бары анықталған.
Қазіргі таңда су тоқтатылды. "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС жұмысшылары ақауды жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр, - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, мердігердің бүгін сағат 14:00-ге дейін жағдайды реттеуді жоспарлап отырғаны хабарланды.
Өткен жылдың соңында Екібастұз қаласында жылу жүйесінде апат болып, қала тұтас мұз құрсауында қалған еді. Кейін мәселе түбегейлі шешімін тауып, облыс әкімі қызметінен босатылды.
Поделиться
Читать Arbat media в