Новости Казахстана29 декабря 2022, 16:39

Екібастұзда көптеген үйлер жылу жүйесінен ажырап қалды

 

Екібастұзда  жылу желілеріндегі жоспарлы және апатты жөндеу жұмыстарына байланысты қаладағы бірқатар үйлерде жылу беру тоқтатылды, деп хабарлайды arbat.media.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС дерегі бойынша, компания 29 желтоқсанда жылу құбырын ауыстыру үшін қаланың кейбір бөлігінде құбыр ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

— Осыған байланысты сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Сейфулин көшесі, 32, 36, 38, 40, 42 мекенжайындағы жеке тұрғын үйлерге жылу берілмейді, — деді "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС баспасөз қызметі. 

Сонымен бірге, қаланың Целинная көшесі, 46-48 бойындағы орамішілік жылу желілері жабылып, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56 бойындағы жеке тұрғын үйлерде жылу болмайтыны айтылды. 
 
 Осыдан бір ай бұрын Екібастұзда жылу жүйесінде төтенше жағдай орын алып, бір апта бойы қала жылусыз қалған болатын. Осыдан кейін Павлодар облысының әкімі қызметінен кетіп, Үкімет жанынан жедел комиссия құрып, жағдайды тұрақтандырды. Кейін жылу жүйесіне қатысты жауапты мекеменің учаске бастығы өз көлігінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды. 

Екібастұз Жылу Павлодар облысы Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!