Егемен Қазақстанның тұңғыш премьері болған Терещенко өмірден озды
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары үкімет басшысы болған Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Arbat.media.
Сергей Терещенко 1991-1994 жылдары Қазақстан Үкіметін басқарған. Қиыр шығыста туып, Алматыда білім алған оның қызметтегі жолы кеңес дәуіріндегі Түркстан облысында басталды.
Украин ұлтының өкілі білетіндердің сөзінше өзін қазақ деп санаған. Марқұмның қайтыс болу себебін әзірге айтылмады. Ол 1973 жылы Алматыда ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін Түлкібас ауданында еңбек жолын бастаған. Кейін бірнеше ауданда басшылық қызмет атқарып, бұрынғы Шымкент облысына жетекшілік еткен. Ол егемендік жылдары үкіметке жетекшілік етті.
Ол бұрынғы "Отан"партиясының алғашқы төрағасының міндетін болды. 1999-2002 жылдары партияға жетекшілік ете жүріп, оның мүшелері санын 300 мыңға жеткізгені айтылады.