Новости Казахстана18 апреля 2023, 20:49

Дохада дзюдодан өтетін әлем чемпионатында күресетін Қазақстан құрамасы анықталды

Дзюдодан 7-14 мамыр күндері Дохада өтетін әлем чемпионатында сынға түсетін ерлер және әйелдер санаты бойынша Қазақстан құрамасы жасақталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздің дзюдо федерациясының баспасөз қызметі әлем біріншілігіне қатысатын ұлттық құраманың әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқанын мәлімдеді. 

Дохада өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасынан ерлер және әйелдер арасында барлығы 19 дзюдошы татамиге шығады. 

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов  

100 келі: Нұрлыхан Шархан

+100 келі: Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:

48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Толғанай Әбеуова

57 келі: Бақыт Құсақбаева

63 келі: Эсмигуль Куюлова

70 келі: Анастасия Маякова

78 келі: Аруна Жангельдина

+78 келі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Азия құрлығында өтетін әлем чемпионатында Париж Олимпиадасына дейінгі циклдағы соңғы жаһандық әлем біріншілігі болып саналады. Сонымен қатар, бұл сында әлем чемпионы – 2000, күміс жүлдегер – 1400, ал қола жүлдегер 1000 ұпайға ие болады. Ал жарыста иелеген ұпай рейтингте орнына тікелей әсер етеді. 

Айта кетейік, өткен жылы дзюдодан әлем чемпионаты Ташкентте өтті. Онда Қазақстан дзюдошылары арасында 60 келіде Елдос Сметов, 48 келіде Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге қол жеткізді. 

Дзюдо Әлем чемпионаты Доха Ұлттық құрама

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!