Новости Казахстана28 сентября 2023, 8:00

Діни материалдар таратқан әйел әкімшілік жазаға тартылды

Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты діни материалдар таратқан жергілікті тұрғынға 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі:

Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Instagram желісінде 14 мыңға жуық жазылушысы бар ақмолалықтың өз парақшасында діни материалдарды таратқанын анықтады. Бұл ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігінің 3-бөлімшесін бұзу болып табылады. Ол дінтану сараптамасының қорытындысымен де расталды.

Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысына сәйкес ақмолалық әйелдің кінәсі толық расталды. Оған 50 АЕК немесе 172 500 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылды.

 

Көкшетау әкімшілік жаза діни материал

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!