"Дикий Арманға" қатысты қылмыстық іс құпия сақталатын болды
Бас прокуратура қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық істі жария етуге болмайтынын атады, деп хабарлайды arbat.media.
Бұл туралы орган "Қазақпаратқа" берген жауабында мәлімдеді. Қазір «Қаңтар оқиғасы» бойынша айыпталып, қамауға алынған «Дикий Арман» лақап атымен танымалған тұлғаға қатысты тергеу жұмыстары аяқталған.
Арнаулы прокурорлар А.Жұмагелдиевке қатысты тергеуді аяқтады. Ол танысу сатысында. Дегенмен, қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды. Сондықтан қазіргі уақытта аталған сотқа дейінгі өндіріске қатысты толыққанды ақпарат беру мүмкін емес, - деп жазылған Бас прокуратураның жауабында.
2022 жылдың басында Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қонақүйлердің бірінде серіктерімен бірге ұстаған болатын. Кейін ол ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. А.Жұмагелдиев бастапқыда 2 айға қамалып, кейін сот шешімімен оны ұстау мерзімі ұзартылды.
Таяуда Арман Жұмагелдиев президент Қасым-ЖомартТоқаевқа бейнеүндеу жолдап, тергеудің әділ өтуін сұраған еді.