«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты сот отырысы басталды
Алматыда «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
ЛА-5518 мекемесінде мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесінде тағы 43 адамның ісі қаралады.
Сағат 10:00-ге белгіленген сот отырысы 11:00-де басталды.
Сот залына кіргісі келетіндер көп болды.
Алайда орын аз болғандықтан, айыпталушылардың туыстары мен қоғамдық қорғаушылар ғана кірді.
Поделиться
Читать Arbat media в