Демалыс күндері үсік жүреді
Қазгидромет 30 қыркүйек 2 қазан аралығындағы ауа райының қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жақын күндері атмосфералық фронтал бөліктер республиканың көп бөлігіне жауын-шашын әкеледі, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын болады,
1 қазанда ШҚО-да жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады.
БҚО-да ғана жауын-шашынсыз, жайлы, ашық күн сақталады.
Елдің көп бөлігінде түнде және таңда тұман түсуі мүмкін.
Ауа температурасы солтүстікте түнде 0-8, күндіз 10-23 жылы болады.
Оңтүстік шығыста түнде 5-15, күндіз 18-25 градусқа дейін ысиды.
Елдің солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығында түнде үш градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Поделиться
Читать Arbat media в