Новости Казахстана3 июля 2023, 14:40

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

Мәдениет және спорт министр болған Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Экс-министр 2001-2003 жылдары еліміздің сырқты істер министрлігінің орталық аппаратында еңбек етіп, 2003-2007 жылдары Әзербайжан және Нидерландтағы Қазақстан елшіліктерінде жұмыс істеген.

Кейін президенттің баспасөз хатшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрі, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, мәдениет және спорт минитрі лауазымдарын атқарды. 2023 жылдың қаңтар айының басында ол қызметінен кетіп, наурыз айының басында ТМД бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын. 

 

 

Дәурен Абаев Елші ТМД

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!