Новости Казахстана15 февраля 2023, 15:12

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мәжіліс депутатттығына үміткер Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Алматыда адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновқа кеше кешкілік уақытта шабуыл жасап, әлдекімнің соққыға жығып кеткені белгілі болды. Зардап шеккен Анна Димитриевич белгісіз ер адамның қыз балаға қол көтеріп жатқанын көргеннен кейін көмектесуге оқталғанын, алайда сол сәтте белгілісіз адам өздеріне қарсы күш қолданғанын жеткізді.

Біз жүгіріп барып, ұрып жатқан адамды тоқтатуға тырыстық. Қыздың мені қатты қысып ұстаған күйде "Көмектесіңіз! Көмектесіңіз!" деп айқайлады. Осы сәтте оны ұрып жатқан азамат бізге қарсы ұмтылды. Қатты соққыдан Олег құлап қалды. Ол тұруға оқталған сәтте тебе бастады. Күрестің әдісімен оңды-солды лақтырып жіберді. Мен де арашалауға тырыстым. Бірақ асфальтқа басыммен соғылып, есімнен танып қалдым. Полиция қызметкері де келді. Ұрған адамның маған және Олегке қол жұмсағанын білемін. Оның белгілі спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл екенін айтты", - дейді заңгер Анна Димитриевич.

Оқыс жағдайдан кейін зардап шеккендерден белгілі спортшының ұлы кешірім сұрамаған көрінеді. Қазір аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Алматы қалалық ПД аталған дерек Қылмыстық кодексінің  293-бабы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды", - деп пікір білдірді Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.

Тағы бір айта кететін жайт, қол жұмсаған күдіктінің әскери адам екені анақыталған. Осы ретте іс материалдарының соттылығын анықтау үшін Алматы қалалық Прокуратурасына жолданып отыр. 

Екі адам ұрды деген күдікке ілінген жігіттің әкесі Дәулет Тұрлыханов Кеңес заманында және еліміз егемендік алған жылдары грек-рим күресінен ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Ол екі Олимпиадада жүлдегер атанып, басқа да ірі турнирлерден бірнеше рет жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, наурыз айында өтетін Мәжіліс сайлауында бір мандатты округтен "AMANAT" партиясының атынан сайлауға түскелі отыр. 

 

Дәулет Тұрлыханов Қылмыстық іс Төбелес Бала

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!