Новости Казахстана5 апреля 2023, 22:33

Дәулет Мұқаев ипотекалық бағдарламаларды сынады

Бүгін өткен палата отырысында мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев халықты үймен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп, "Жас отбасы" бағдарламасының алғашқы жарнасын 10 пайызға дейін түсіру керектігін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған сауалында тұрғын үйдің қолжетімсіздігін нақты деректермен келтірді.

Оның пікірінше жыл сайын Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кемі 1 000 пәтерден 3 000 пәтер берілу керек еді. Алайда үйдің уақытында салынбауынан жастар жалдамалы пәтерлерін 2022 жылы толық алмаған.

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан. Бұл дегеніміз үйленген жастардың 40 пайызға жуығы (әрбір үшінші жұп) ажырасады деген сөз. Ажырасудың басты себебі материалдық қажеттілік екенін ескерсек, баспана бірінші орында. Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету біршама мәселелердің алдын алары сөзсіз, - деді депутат.

Сондықтан Дәулет Мұқаев "Жас отбасы" бағдарламасының бастапқы жарнасы 10 пайыздан аспау керек деп айтты.

Бүгінгі таңда Отбасы банкі тарапынан жүзеге асып жатқан "Жас отбасы" бағдарламасында бастапқы жарна – 50 пайыз. Мұндай қаражат жинау жастарға қиындық тудырады", - деді депутат.

Депутат халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін өз ұсыныстарын да айтты. Оның сөзінше, "Бақытты отбасы", "Шаңырақ" бағдарламаларын жаңарту керек.

"Халқымыздың "ұлы дала квартиранттары" атанғаны да жанға қатты батады. Анығын айтқанда, үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді болмай отыр. Бүгінгі таңда тұрғын үй бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар халықтың сұранысын қанағаттандырмай отыр",- деді Мұқаев.

Бұдан бөлек депутат "7-20-25" бағдарламасын сынады. 

"Бағдарлама ұйымдастырушылары "ақша бар, бәрі жақсы, бағдарлама жұмыс істеп тұр" деп көрсетеді. Бірақ неге бұл жағдайда "7-20-25" бағдарламасы бойынша қазір Қазақстанда бірде-бір банк ипотека бермейді - , - деді Мұқаев мәжіліс отырысында.

Депутаттың айтуынша маусым сайын лимит қойып қойған. Халық банктер алдында түнеуге мәжбүр болып жатыр, сондықтан бұл тұрғыда "7-20-25" бағдарламасы бойынша лимитті алып тастау қажет дейді ол.

Бағдарлама 2029 жылға дейін созылады дегенмен, оған дейін аты бар заты жоқ бағдарламаға айналуы әбден мүмкін. Мыңдаған адам банктен мақұлдау алғанымен, лимит кесірінен үйдің кілтін ала алмай жүр", - деді Мұқаев мәжіліс отырысында. 

Баспана Жас отбасы Дәулет Мұқаев 7-20-25

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!