Дауға айналған LRT құрылысы 2024 жылдың соңында аяқталатын болды
Астанадағы LRT құрылысы 2024 жылдың соңына таман аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өз жауабында айтты, - деп хабарлайды Arbat.media "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Елорда әкімінің сөзінше, LRT құрылысының қайта жандануы 2022 жылы басталды. Енді күрделі құрылыс жұмысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
Алғашқы соманы былтыр үкімет қарастырды. Биыл бұл нысанның құрылысы тоқтасыз түрде жүргізіліп жатыр. Мобилизациялау жұмыстары, сондай-ақ LRT-де жұмыс істейтін болашақ пойыздар, техника бойынша аванстық төлемдер жүргізілуде. Жоба жұмысы 2023-2024 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланған. Ал келесі жылдың аяғына дейін толық іске қосылуы тиіс", - деді қала әкімі.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы LRT құрылысы тоқтатылатын болса, шығын көлемі ұлғаятынын атаған еді. "LRT жобасының бастаулы қате шешім болғанын айттым. Бірақ қазір бізідң басқа амалымыз жоқ. Біз бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек", - деген болатын Қ.Тоқаев.