Дәрігерлерді ұрмақ болған ер адам белгісіз сұйықтық ішкен — Шымкент
Шымкентте дәрігерлерді ұрмақ болған ер адам белгісіз сұйықтық ішкен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Шымкент денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
28 жастағы ер адам белгісіз сұйықтықты ішіп қойғаннан кейін туыстары жедел жәрдем шақырған. Содан дәрігерлер оны гипербариялық оксигенация орталығына алып барған.
"Дәрігерлер науқасты тексеріп шыққан соң, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты ем шараларын жүргізу мақсатында жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда ол медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, қарсылық танытқан. Орын алған жағдайға байланысты 102 қызметіне хабар берілді."
Бұған дейін Шымкентте дәрігерлерді ұрмақ болған ер адам қамауға алынған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в