Новости Казахстана19 апреля 2023, 19:19

Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz-дың қымбат үйлерін өз туыстарына бермек болған

QazaqGaz ұлттық компаниясының қазіргі басшысы Санжар Жаркешов Қайрат Шәріпбаевтың компанияны басқарған кезіндегі былықтарды жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.

Лауазым иесі бұл туралы  Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында айтты. 

Біздің компаниямыздың балансында Алматының қақ ортасында бір элиталық, премиум кластағы тұрғын үй кешені бар екен.  Ондай үйдің шаршы метрі 300 мың теңгеден берілген. Бұл әділетті ме? Біздің ойымызша, бұл – әділетсіз. Баға негізі әлдеқайда жоғары ғой. Сол тұрғын үй бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл іспен белсенді түрде айналысқан біраз адамдар табылды, - деді Жаркешов.

"Сізге дейінгі төраға ма?" деген сұраққа ол "иә" деп жауап берді.

Иә, туыстарына, достарына, тіпті компанияда қызмет етпейтін адамдарға да су тегін бағаға үлестіріп бермекші болған. Сондай ниет болған екен. Мұның барлығы тоқтатылды. Бұл іске қатысы бар адамдармен еңбек шарттарын бұздық. Құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр, - дейді ол.

Санжар Жаркешов компания бұрынырақта өз ақшасымен бір банкті қаржыландырып, инвестициялағанын, кейін ол банк банкроттыққа ұшыраған соң, өз ақшасын сол тұрғын үймен алғанын атады. 

Енді компания сол тұрғын үйді ақшаға айналдыруы керек еді. Бірақ халыққа нарықтағы бағамен сатуы тиіс еді, - дейді ол.


Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz Пәтер Санжар Жаркешов

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!