Новости Казахстана2 июня 2023, 15:12

Даниял Ахметовтің қызметтік өкілеттігінің аяқталуына 9 күн қалды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қызметтік өкілеттігі аяқталуға тура 9 күн қалды, деп хабарлайды Arbat.media 

2022 жылы 11 маусымда мемлекет басшысы оның қызметтік міндетін тағы бір жылға ұзартқан болатын. Ахметовтің қызметі туралы сол кезде президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлаған еді. 

Даниал Ахметов 15 маусымда 69 жасқа толады. Ол ол премьер-министр, қорғаныс министрі, Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі болды. 

Сондай-ақ, Қазақстанда бірнеше облысты басқарған санаулы шененіктің бірі. Д.Ахметов 1992 жылдан 1993 жылға дейін Екібастұз қалалық әкімі, одан кейін Павлодар облысын екі рет, Солтүстік Қазақстан облысын бір рет басқарды.  

Даниал Ахметов Әкім ШҚО

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!