Қазақстанда қанша гомосексуал ер адам бар — БҰҰ санын атады
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанда ЖҚТБ вирустың таралуы бойынша былтырғы статистиканы жариялады. Оның ішінде гомосексуал ерлер туралы деректер жазылған, деп хабарлайды arbat.media.
UNAIDS порталында Қазақстанда ЖҚТБ-мен ауыратын 35 мың адам тұратыны туралы жазылды. Оның ішінде 21 мың ер адам бар. Қалған 13 мың әйел мен 14 жасқа толмаған 1000-ға дейін бала дәрігерлер бақылауында көрінеді.
Статистика бойынша елімізде жыл сайын орта есеппен 3500 адам вирус жұқтырады екен. Оның ішінде балалардың саны жүзге дейін жетіп жығылады.
Сондай-ақ, UNAIDS Қазақстандағы гомосексуал еркектер туралы жазды. БҰҰ сарапшылары елімізде олардың санын шамамен 62 000 адам деп бағалап отыр. Бұл бағыттағы ерлер жезөкшелерге қарағанда АИТВ жұқтырғандару көлемі саны шамамен 6,9 пайызды құрайды екен.
Тағы бір қауіп тобы-есірткіні инъекция арқылы қолданатын адамдар. Елімізде ондай 85,3 мыңға жуық адам бар. Осы санаттағы АИТВ және ЖИТС-пен ауыратындар — 8,3 пайыз.