Новости Казахстана7 июня 2023, 22:01

"Бурабай" және "Марқакөл" қорықтары ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттардың жаһандық желісі қатарына енді

ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Бурабай» және «Марқакөл» қорықтары биосфералық резерваттардың жаһандық желісіне, сондай-ақ «Ортеке» музыкалық-қуыршақ өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгенін растайтын сертификаттарды табыстады, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Сонымен қатар, Одрэ Азуле қазақ жерінде қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұралары тізіміне енген Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барған кезде алған әсері туралы айтқан. 

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға, соның ішінде азаматтық қоғамды нығайтуға, білім және мәдениет саласын дамытуға қатысты бастамаларына жоғары баға берді.
Менің Қазақстанға жасаған сапарым Сіздің еліңіздегі маңызды стратегиялық кезеңмен тұспа-тұс келді. Сіз ауқымды реформа жүргізіп жатырсыз. Бұл істе сіздің президенттік мандатыңыз шешуші рөл атқаруға тиіс, деді Одрэ Азуле.
Одрэ Азуле Юнеско Бурабай

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!