Бүлдіршіннің үстіне ыстық суға толы кіржуғыш машина құлаған — ШҚО
ШҚО-да бүлдіршіннің үстіне ыстық суға толы кірмашина құлап кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алтай ауданында оқыс оқиғаға ұшыраған екі жасар баланың денесінің 79 пайызы күйіп қалған.
Дәрігерлер екі жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр.
Бүлдіршін үйде ойнап жүріп, қайнаған су толған кіржуғыш машинаны үстіне құлатып алып, басын, мойнын, денесін, аяғы мен қолын термиялық күйік шалған. денесінің 79 пайызы күйіп қалған баланы санавиациямен дереу Өскеменге жеткізген.
«Бүлдіршінге шокқа қарсы және детоксикация терапиясы жасалып, қан мен плазма құйылды. Хирургтар зақымдалған жерлерінің шамамен 35% 4 еселік аутодермопластика (тері егу) жасады. Бүгінде баланың жағдайы "тұрақты ауыр" деп бағаланады», - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы.