Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы - Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Наурыз мерекесіне қатысып, мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы барлық реформаларымызды ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылатынын атады.
Кеше ғана өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. Осылайша, мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Жалпы, еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты. Тарихи сәт Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар, - деді Қ.Тоқаев.
Поделиться
Читать Arbat media в