БҚО-де 150-ге жуық киіктің өлексесі табылды
Батыс Қазақстан облысындағы киіктердің өліміне қатысты дерек белгілі болды, деп хабардайды Arbat.media.
19 мамыр күні сағат 18-00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықталды. Оның 95 пайызы төлдер болса, 5 пайызы ұрғашы киіктер. Жануарлардың ұшалары 300 метр радиуста жатқаны белгілі болды.
Патологиялық материалдарды, сонымен қатар аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына "Бөкейорда" резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді, - деді Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігің баспасөз қызметіндегілер.
Сынамалар алынғаннан кейін аталмыш өлекселер Жәнібек әкімдігі мен "Охотзоопром "ӨБ"РМҚК қызметкерлерімен жойылады.