Новости Казахстана24 февраля 2023, 19:39

БҚО-да тікұшақ апатынан қайтыс болғандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетіледі - ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінде 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында болған авиациялық оқиғадан қазақ тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетінін туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media 

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов авиациялық оқиғадан қаза тапқандардың барлық туыстары мен жақындарына барлық ұжымы атынан көңіл айтататынын жеткізді. 

Кеше біздің жүйе үшін қайғылы күн болды. Бір күнде біз төрт әріптесімізден айырылдық. Қызметкерлер өз ісінің білікті және тәжірибелі мамандары болды. Сонымен қатар, авиациялық оқиға кезінде біздің бір қызметкеріміз Қазавиақұтқару жетекші инженері және ҚазТрансОйл өкілі зардап шекті, -  деді Руслан Иманқұлов

23 ақпанда Астана уақытымен сағат 15.48-де дағдарыс жағдайларында басқару орталығына Орал қаласынан 54 км жерде Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чапурино кентінің ашық аумағында Ми-8 ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы апатқа ұшыраған болатын. Тікұшақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімі бойынша «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырын бойлай ұшқан.https://arbat.media/vaznoe-v-kazaxstane/bqo-da-tikusaq-apatynan-qazaq-tapqandardyn-esimderi-anyqtaldy-2498

Сағат 10.40-та «ҚазТрансОйл» АҚ өтінімі бойынша Атыраудан ұшып шықты, бортта 6 адам - 5 экипаж мүшесі және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 1 өкілі болды. 2021 жылы жасап шығарылған Ми-8 тікұшағының әуеде ұшуы 250 сағатты құрайды,  2023 жылдың 17 қаңтарында Атырау қаласында мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өткен болатын. 2030 жылы әуе кемесі алғашқы күрделі жөндеуден өтуі тиіс болатын. Тікұшақ пайдаланылған сәттен бастап ұшуға жарамдылығына әсер ететін ақаулар мен ескертулер болған жоқ, - деді ТЖМ ресми өкілі. 

ТЖД қызметкерлері оқиға орнынан қаза тапқан 4 адамның денесін тапқан. Әуе кемесінің командирі Довлетбай Қанатов, екінші ұшқыш Владимир Афанасьев, борт механигі Сиязбек Андосов және инженер Жәрдем Досқалиев қайтыс болды. Ал  Қазавиақұтқару инженері Сергей Щеглов пен «ҚазТрансОйл» АҚ желілік құбыржолшысы С.Ерғалиев түрлі жарақаттармен жедел медициналық жәрдем вагонымен Орал қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілген. 

Оқиғаның мән-жайын тергеумен ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді Тергеу департаментінің қызметкерлері айналыспақ көрінеді. Сонымен бірге, "Қазавиақұтқару"  қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсететінін мәлімдеді. Марқұмдарды жерлеу рәсіміне жұмсалатын барлық шығындар Қазавиақұтқару есебінен жүргізілмек. Сондай-ақ, қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларындағы балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін қаза тапқан қызметкердің жалақысы мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақымен қамтамасыз етілетіні айтылды. 

БҚО Тікұшақ Апат өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!