БҚО-да суға бөлінген 162 млн теңгені жымқырған екі адам сотталды
Батыс Қазақстан облысында "Теректі - таза су" лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Теректі аудандық сотының "Теректі-таза су" мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шықты.
Шешімге сәйкес кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылып отыр.
Екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды, - деп жазылған Антикор хабарламасында.
Сотталғандар енді өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.