Новости Казахстана17 марта 2023, 22:59

БҚО-да су тасқынынан бір адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде ер адам көз жұмды, деп хабарлайды  Arbat.media.

Өңірдің төтенше жағдайлар департменті департаменті Шыңғырлау ауданына қарасты Ақтау ауылынан 11 наурыз күні кешкілік 1984 және 1977 жылы туған  екі ер адамның Ақсай қаласы жақ бағытқа трактормен шыққанын мәлімдеді. 

Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 14 наурыз күні сағат 17.17-де олардың жоғалып кеткені жөнінде хабар түскенін атады. Бұл уақыттары Бөрлі ауданында су тасқыны орын алған болатын.

Түнгі сағат 23.25-те Ақсай қаласынан "ҚПО б.в." компаниясының жол талғамайтын көлігі іздеуге шыққанымен жол болмағандықтан, сағат 03.00-де іздеу тоқтатуға мәжбүр болған. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ер адамдар Ақтау ауылына жәрдем беруге барып, кері қайтқан кезде трактор балшыққа батып қалғанын атады. Олардың біреуі көмек іздеп кеткен кезде 1984 жылғы ер адам аяғы ауырғандықтан оқиға орнында күтіп қалған.

15 наурыз күні Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылынан 9 шақырым жерде ашық даладан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ. Аталған дерек адам өлімі ретінде тіркелді. Сараптама жүргізілуде. Бастапқы себебі – суға кеткен, - деп жазды ҚазАқпарат агенттігі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы екінші ер адам Бөрлі аудандық ауруханасының терапевтік бөлімшесінде жатқанын мәлімдеді. Оның оң жақ өкпесі қабынып кеткендіктен жағдайы орташа ауырлықта. 

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында бірқатар аудандарда су тасқыны болып, төтенше жағдай жарияланғаны айтылды. Төтенше оқиға салдарынан кейбір елдімекендерді су басқан. Кейін бірқатар тұрғындар өз үйлеріне қайта оралды

БҚО Су тасқыны өлім Апат

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!