БҚО-да гараж өртеніп үш адам қайтыс болды
Оралда гараж отқа орнапы, салдарынан үш адамның мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.media.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда. Өрт салдарынан қаза тапқан үшінші адам да белгілі болды. Ол – 1997 жылғы ер адам. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiн бас бостандығынан айыруға жазаланады, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, оқиға орнында 1988 жылы туған ер адам түтіннен улану диагнозымен қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, стационарға жатудан бас тартқанын жеткізді.