"Бөлек тұрамыз". Украина президентінің әйелі Зеленскийден бөлек тұратынын атады
Украина президентінің әйелі Зеленскиймен неліктен бөлек тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазіргі уақытта Владимир Зеленский өзінің кабинетінде ұйықтап жүрген көрінеді. Ал оның жұбайы балаларымен бірге бөлек тұрып жатқан көрінеді.
Сәті түссе, түскі уақытта кеңседе кездесеміз. Қазір ешкімнің не демалыс ұйымдастыруға, не көңіл көтеруге мұршасы жоқ, – деді Елена Зеленская.
Украинаның бірінші ханымы күнделікті кеңсесіне барып, психикалық денсаулық бойынша кеңес беріп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесіп жүргенін де атады. Ал қолы қалт етсе, сұхбаттар беруге қарсы емес екенін атады.
Украинаның болашақ президенті Владимир мен Елена Зеленскийлердің отбасында екі бала бар. 2004 жылы Александра деген қызы туса, 2013 жылы Кирилл есімді ұл дүниеге келген.