Бокстан ұлттық құраманы жаттықтырған Мырзағали Айтжанов қайтадан бас бапкерлікке кіріседі
Бокстан Қазақстан құрамасын ұзақ жылдар байы жаттықтырған Мырзағали Айтжанов қайтадан өз міндетіне кірісуі мүмкін, деп хабарлайды arbat.media.
2018 жылы Джакартата өткен Азия Ойындарындағы нәтижеден кейін бас бапкер қызметінен босатылған Мырзағали Айтжанов жаңа жылдан кейін өз жұмысына қайта кіріседі.
"Халық үні" порталының жазуынша, Мырзағали Айтжановқа қайтадан Қазақстан ұлттық құрамасынан бапкер болу туралы ұсыныс түскен. Ал белгілі бапкер бұдан бас тартпаған көрінеді.
Басшылардан сондай бір ұсыныс болды. Келісімімді бердім. Әлі бұйрықты алған жоқпын, – деді М.Айтжанов.
Әзірге бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде хабарламады. Тек жаңа жыл мерекесінен кейін бұйрық шығып, көпшілікке таныстырылуы тиіс. Ал желіде бокстан келесі жылы құрамада өнер көрсететін спортшылардың тізімі жарияланып, бас бапкер ретінде Мырзағали Айтжановтың есімі жазылған. Сонынен бірге, аға бапкер ретінде Марат Жақиев бекітілген. Айта кетерлік тағы бір жайт, Токио Олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа кеткен әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов ұлттық құрамаға қайта оралуы мүмкін. 2023 жылы 80 келіде сынға түсетін былғары қолғап шеберлері арасында оның есімі аталған.
Токио Олимпиадасынан кейін бокстан Қазақстан құрамасын Қайрат Сәтжанов баптаған еді. Білікті маман құрамамен бірге Белградта өткен әлем чемпионатына 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Биыл өткен Азия біріншілігінде де табысты өнер көрсетті. Соған қарамастан оны неліктен орнына босатылып жатқаны түсініксіз.
Ал Мырзағали Айтжанов 2009 жылдың соңынан 2018 жыл аяқталғанша бокстан Ұлттық құраманы баптады. Оның тұсында боксшылар Лондон және Рио Олимпиадасында чемпион атанды. Әлем чемпионаттарынан 6 алтын медаль олжалады.