Новости Казахстана5 апреля 2023, 16:15

Петропавл мен Павлодардың тарихи атауын қайтаруды сұрағанда билік бізге жау ретінде қарады - Қазыбек Иса

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Петропавлда "Халық Кеңесін" құрып, тәуелсіздігін жариялағандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Таяуда Петропавлда кеңес құрылып, бейнежазба арқылы үндеу жолдаған сеператистік топтарға депутат ашына үн қатты. 

Құқық қорғау органдары резонансқа дейін қайда қарады? Сонымен қатар, сепаратизммен күрескен Марғұлан Боранбай қазір түрмеде отыр. Сепаратистік идеологияны тарататын бұқаралық ақпарат құралдарына тыйым салу керек. Біз бірнеше рет Петропавл мен Павлодарға олардың тарихи атауларын қайтаруды сұрадық, содан кейін билік бізге жау ретінде қарады, – деді депутат Қазыбек Иса. 

Наурыз айының соңында әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде Петропавлда бір топ адам өздерінің тәуелсіздігін жариялаған бейнежазба жарияланған болатын.   

Біз еркін ерлер мен әйелдер және еркін халықпыз, СҚО, Петропавл қаласының Еңбекші тұрғындары Қазақстан Республикасы корпорациясының құқықтық негізінің жалғандығына, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлар туғызуына байланысты, сондай-ақ оның агенттерінің әрекетке қабілетсіздігі мен абыройсыздығына байланысты біздің игілігіміз бен ресурстарымызды басқару жүйесінің барлық құрылтайшылары мен қызметшілеріне толық сенімсіздік білдіреміз. Біз халық тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді жариялаймыз. Жалпыға бірдей бөлінбейтін ұлттық қазынаны сақтаудың сөзсіз екенін, туған жеріндегі азаматтық мүліктік құқықтардың өзгермейтіндігін еске саламыз және СҚО Петропавл қаласында жұмысшылардың халық кеңесін жандандырамыз, - деді қатысушылар әлеуметтік желілерде таратылған бейнежазбада.

Бұған дейін Петропавл қаласында сеператизм белгілері анық көрінетін мүддені көздегендерге қатысты тергеу басталғаны белгілі болды. Оның алдында Петропавл қаласында "Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі" құрылғаны туралы бейнежазба жария болған еді. Араға уақыт салып аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтылды. 

Қазыбек Иса Сеператизм Петропавл павлодар

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!