Биыл елімізде тасымалданған жолаушылар саны 11 пайызға өсті
Қазақстанда жыл басталғалы бері тасымаданған жолаушылар 11,9 пайызға өсті, деп хабарлайды Arbat.media.
2023 жылдың 5 айында көліктің барлық түрімен 639,7 млн жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11,9% артық болып отыр.
Оның ішінде ең жоғары өсім әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар бойынша – 30,1%, троллейбуспен тасымалданған жолаушылар саны 22,5% өскен.
Автобус және пойызбен тасымалданған жолаушылар санының өсімі тиісінше 12,1% және 9,3 пайызды құрап отыр. Бұл ретте трамваймен тасымалданған жолаушылар саны 25%, такси жолаушыларының саны 2,2% азайғаны белгілі болды.
Аталған кезеңде жолаушылар айналымы 27,6 млрд ж-км құрады, көрсеткіш 17,1% арта түскен көрінеді.
Айта кетейік, тасымалданған жолаушылардың 29,3% Алматы қаласына тиесілі болса, сондай-ақ алғашқы үштікте Астана мен Қарағанды облысы кіріп отыр. Бұл ретте олардың алатын үлесі тиісінше 12,5% және 7,7 пайыз шамасында.