Новости Казахстана26 мая 2023, 21:13

Биыл елімізде 36 спорт нысанының құрылысы бой көтереді

2023 жылы еліміздің өңірлерінде жаңадан 36 спорт нысанының құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Спорт инфрақұрылымын қаржыландыру, жөндеу және қайта жабдықтау жұмыстары жергілікті әкімдіктердің міндетіне жүктелген. Олардың ішінде Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының әрқайсысында 4 спорт нысанынан салынбақ. Жамбыл және Ұлытау облыстарында 3 спорт нысанынан салынса, Абай, Атырау, Түркістан облыстарында 2 нысаннан жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарының әрқайсысында 1 спорт нысаны жаңадан бой көтереді. 

Айта кететін бір жайт, биыл жұмыс істеп тұрған спорт нысандарын реконструкциялау бағытында 9 нысанды жөндеуден өткізу қарастырылып отыр. 

Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сай 2029 жылға қарай елімізде жаңадан 113 спорт нысанын қолданысқа беру жоспарланғаны мәлімдеді. Сондай-ақ 20 спорт нысанын жаңғыртып, модернизациялауды және 6 спорт нысанын қайта жабдықтауға ниетті

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарымыздың санын арттыру үшін өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту қажет. Мәдениет және спорт министрлігі жаңа спорт нысандарын салу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. 7 облыста 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. 2029 жылға дейін жаңадан 113 спорт нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ әкімдіктермен аз шығынды қажет ететін, модульді спорт алаңдарын салу бағытында да бірлесе жұмыс атқарылады, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

спорт Құрылыс Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!