Новости Казахстана11 апреля 2023, 21:30

Алматыда сабаннан мүсін қойған Байбек немістерге қоладан құйылған бюст сыйлады

Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметсіз қалған Бауыржан Байбек Любек Колизейінде пианист Эвелинда Тренкнердің бюстінің ашылу салтанатына арнайы шақырумен барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Германияның ақпараттық порталында ақпан айында "Пианинашы Эвелинда Тренкнердің құрметіне бюст орнатылды" деген атаумен шағын ақпарат жарық көрген. Аталған бюстінің жасалуына қазақстандық экс-шенеунік демеушілік жасаған. 

14 ақпан күні жарияланған материалда "Дүйсенбіде коммерциялық емес ұйым ұлы музыкантшаға арналған ескерткішті салтанатты түрде ашты. Колизейдегі салтанатты іс - шараға шығарманың демеушісі арнайы қонақ қатысты", - деп жазылған. 

Ал жарияланған суреттің төменгі жағында "Пианист Эвелинда Тренкнердің (В.Л.) марапаты мен бюстіне риза: мүсінші Клаус Герц, демеуші Бауыржан Байбек, қайырымдылық қорынан Антье Питерс-Хирт және Шварвенк қоғамынан Дагмар Пол Лаукамп" деген сөйлем неміс тілінде жазылған. 

Жұрт өткен жылдың ақпан айынан бері Бауыржан Байбектің қайда жүргенінен хабарсыз еді. Оны Стамбул әуежайында жүрген бейнежаздасы жарияланса, кейін Кипрде отбасымен жүрген сәті туралы әлеуметтік желіде ақпарат тараған еді.  

 

 

Бауыржан Байбек Германия Мәдениет Демеуші

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!