Бибісара Асаубаева Кипр Гран-приінде 12 дүркін әлем чемпионын ұтты
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрде өтіп жатқан әйелдер арасындағы Гран-придің төртінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Отандық шахматшы, жетінші айналымда 19 жастағы қазақстандық қыз қара фигуралар арқылы әлемдегі ең атақты шахматшылардың бірі, 12-әлем чемпионы Александра Костенюктен басым түсті.
Аталған жеңіс Бибісара үшін екі жеңіліс пен төрт тең ойыннан кейінгі ағымдағы турнирдегі алғашқы басымдық болып отыр. Қазір Ассаубаева үш ұпай жинап, 12 қатысушы арасында сегізінші сатыға тұрақтады.
Турнирде 5 ұпаймен неміс шахматшысы Динара Вагнер тізім басына шықты. 24 мамырда 8-турдың матчтары өтіп, онда Бибісара Асаубаева бірінші тақтада өнер көрсетпек. Ол ақ фигуралармен Грузия өкілі Бела Хотенашвилимен кездеседі деп күтілуде. Ал Кипрдегі Гран-придің төртінші кезеңі 27 мамырда аяқталады.