Новости Казахстана9 февраля 2023, 16:03

Беларусь Республикасынан Қазақстан азаматы тәртіпсіздікке қатысқаны үшін экстрадицияланды

Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен Беларусь Республикасынан отандасымызды экстрадициялады, деп хабарлайды Arbat.media

Елге жеткізілген азамат Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылып отыр. 

Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды, - деп жазылған Бас прокуратура таратқан ресми мәліметте. 

Енді отандасымыз заңнамаға сәйкес жоғарыда аталған қылмыстары үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Белорусь Қазақстан экстрадиция Прокуратура

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!